Кәсіптік білім басылымдарын және оқытудың қосымша ресурстарын сараптау жұмысын ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыратын бөлім болып табылады. Бөлімнің негізгі қызметі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін әзірленетін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын, электрондық білім беру ресурстарын және өзге де қосымша оқу материалдарын әзірлеушінің (тапсырыс берушінің) есебінен ғылыми-педагогикалық сараптамадан өткізуді ұйымдастыру. Бөлім оқу материалдарының ғылыми және әдістемелік негізділігін, құрылымдық логикасын, практикалық бағыттылығын, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру әлеуетін, өндірістік оқыту мазмұнымен сабақтастығын, сондай-ақ цифрлық және интерактивті ресурстардың тиімділігін талдауды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметі аясында сараптама нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірленіп, оқу басылымдарын жетілдіруге, олардың сапасын арттыруға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-педагогикалық ұсынымдар қалыптастырылады. Бөлім мамандары Орталықтың базасына енген сыртқы сарапшыларды тарту арқылы жоғарыда аталған оқу басылымдарын сараптауды ұйымдастырады.