Бөлімнің қызметі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің (ОӘК) білім беру үдерісінде қолданылу тиімділігін айқындау мақсатында оларды сынақтан өткізу, сынақ нәтижелерін жинақтау және жүйелі түрде талдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бөлім орта білім беру ұйымдарынан, педагогтерден, білім алушылардан және өзге де қатысушылардан келіп түскен ақпараттық материалдарды жинау, өңдеу негізінде талдамалық анықтамалар, қорытындылар мен ұсынымдар әзірлейді. Бөлім қызметі аясында алынған деректер негізінде оқу әдебиеттерін жетілдіруге, олардың сапасын арттыруға, білім беру үдерісін әдістемелік тұрғыдан қолдауға және оқулықпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беріледі. Бөлімнің маңызды функцияларының бірі – ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуін мониторингілеу. Мониторинг барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыстар атқару.